ТҮРКІСТАН: Облыстық маңызы бар жолдар жөнделіп жатыр

0
342

Тапсырыс беруші – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.


ТҮРКІСТАН: Облыстық маңызы бар жолдар жөнделіп жатыр

Түркістан облысында 22,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында автомобиль жолдарын жаңартуға күш салынып жатыр. Мәселен, бүгінгі таңда Сайрам және Төлеби аудандарын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автожолының 22,5 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тапсырыс беруші – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.


Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл автожолдың 14 шақырымы жөнделді, ал қалған 8,5 шақырымын биылғы жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған. Жөндеу жұмыстарын «СитиСтрой» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Қазіргі таңда аталған жолдың құрылыс жұмыстары аудан орталығы – Ақсукент ауылына жеткен.