Түркістан облысына 140 мың дана дәрі-дәрмек жеткізілді

0
642

Күзде екінші толқыны болуы мүмкін.


Түркістан облысына 140 мың дана дәрі-дәрмек жеткізілді

Түркістан облысына коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек жеткізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы коронавирустың күзде болуы мүмкін екінші толқынына қарсы күреске дайындалуда. Бұл мақсатта дәрі-дәрмек қоры жасақталып жатыр. Түркия елінен сатып алынып жеткізілген дәрілік заттар ішінде осельтамивир, азитромицин, эноксипарин, ривароксабан, меропенем, рокурония бромид секілді 140 мың дана препарат бар. Атап өтейік, 253 млн. теңгеге алынған дәрі-дәрмек легі инфекциямен күресте құрылған облыстық арнайы қорға жеткізіліп, қоймада сақталады.

"Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, ауруханалар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек қоры толықтырылуда. Бүгін антикоагулянттар, антибиотиктер және өкпені жасанды желдету кезеңінде науқастың жағдайын жеңілдетуге арналған препараттар жеткізілді.

Аталған дәрілік заттар 2023 ж. жарамды. Күзде коронавирустың екінші толқыны өтуі мүмкін деген болжам бар. Сол себепті біз қазір арнайы дәрілік қор жасақтаудамыз. Қазіргі таңда облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 3193 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, оның 85%-ы бүгінгі таңда жазылып шыққан", - деді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов.

Тағы бір жағымды жаңалық - облыстағы медициналық жедел-жәрдем қызметінің жұмысын жеңілдету мақсатында "Каспий банк" және "Самұрық-Қазына" Әл-ауқат қоры гуманитарлық көмек ретінде 20

"Chevrolet Damas" көлігін тарту етуде. Портативті жасанды өкпе желдеткіші, дефибриллятор, пульсоксиметр, ЭКГ құрылғысы орнатылған медициналық жедел-жәрдем көліктері облыстағы аудан, қалалардың ауруханаларына тарту етіледі.