Түркістан облысында 250 пәтерлі 5 тұрғынүй салынып жатыр

0
2 121

Сенатор Асқар Бейсенбаев аудан тішілігімен танысты


Түркістан облысында 250 пәтерлі 5 тұрғынүй салынып жатыр

ERNUR.KZ. Сенатор Түркістандық ауданға іс-сапармен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Асқар Бейсенбаев Түлкібас ауданына іс-сапармен барды. Халық қалаулысы ауданда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарымен, ауыл шаруашылығы саласындағы ауқымды жобалармен танысты.


Сондай-ақ, сенатормен бірге аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков, аудандық маслихаттың хатшысы Садуақас Сейсенбаев бірге жүріп, Мичурин ауылдық округіндегі «Мөлдір» ЖШС-де болып, шаруашылықтағы алма бау мен бидай алқабын аралады. Серіктестік басшысы Қ.Үсенбеков шаруашылықтың атқарылған және алдағы жоспарларымен таныстырды.


Келесі кезекте сенатор «Құли» магистральді каналының қазіргі жағдайымен танысты. Содан кейін, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Түркібасы» әулиесінің аумағын аралады. Халық қалаулысының келесі аялдаған нысаны Т.Рысқұлов ауылындағы 250 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы болды.Құрылыс нысандарының жұмысымен танысқан сенатор көтеріліп жатқан тұрғын үйдің жұмысына оң баға берді.


Сонымен қатар, аудан аумағынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральді жолы өтетініне байланысты Шақпақ ауылы тұсынан жерасты жолы салынуда. Жерасты жолына ат басын бұрған сенатор А.Бейсенбаев республикалық маңызы бар жолды салып жатқан компания өкілімен тілдесіп, атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.