​Түркістан облысында 300-ден астам кәсіпкер арнайы бағдарлама аясында кәсіп бастады

0
1 491

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 64 тұлғаға (201 652 мың теңге) 6 пайызбен 7 жыл мерзімге несие берген


​Түркістан облысында 300-ден астам кәсіпкер арнайы бағдарлама аясында кәсіп бастады

ERNUR.KZ.Түркістан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 300-ден астам кәсіпкерге несие берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жұмыстар бойынша 2018 жылға 3,282 млрд теңге қаржы қаралып, несиелендіру жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы облыстық филиалы арқылы 260 тұлғаны несиелендірілсе (1 122,5 мың теңге), оның 184-і мал шаруашылығына қатысты кәсіп түрі болып табылады. 6 пайыздық үстемесімен 7 жыл мерзімге берілген өзге де бірліктер жылыжай, жиһаз өндірісі және шаштараз кәсіпшілігіне байланысты істер болып отыр.

Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асырудың екінші тармағы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 64 тұлғаға (201 652 мың теңге) 6 пайызбен 7 жыл мерзімге несие берілген. Оның 63-і мал шаруашылығына қатысты болса, 1-уі жылыжай өндірісіне тиесілі.

Одан бөлек, нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті және кооперативтерді дамытуға республикалық бюджеттен қосымша 3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім беріліп, оның 1,8 млрд. теңгесі қолдау тапты.