Құрылыс жұмыстарының көлемі 150 млрд. теңгеге жуықтады.
Түркістан облысында жыл басынан бері 400 мың шаршы метрге жуық баспана берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жыл басынан бері Түркістан облысындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 150 млрд. теңгеге жуықтады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 365,8 мың шаршы метр немесе жоспардан 61,6 мың шаршы метрге артық атқарылған. Оның ішінде халық қаржысына салынғаны 272,4 мың шаршы метрді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,5% болып қалыптасты. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды.
I тоқсанның қорытындысы бойынша Түркістан облысындағы жалпы өңірлік өнім 656,6 млрд. теңгеге жетті. Жыл соңына дейінгі меже 3,3 трлн. теңге құрайды деп күтілуде. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жоспардан артық орындалып, 460,6 млрд. теңгені 101,4% құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардан 27,2 млрд. теңгеге артық орындалып, 338,9 млрд. теңгені құрады.
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің мәлімдеуінше, жыл басынан бері инвестиция көлемі 299,3 млрд. теңгеге жетті. Жалпы сауда көлемі 181,1 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,8 % құрады. Тасылған жүк көлемі 55 млн. тн. жетіп, өткен жылғы сәйкес кезеңге 101,4%-ды құрады (ҚР – 98,2%, 5 орын). Байланыс қызметінің көлемі 4,3 млрд. теңгені, немесе өсім +8,8% құрады (ҚР – 106,5%, 3 орын). Облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі тұрақты бақылауда.