2018 жылғы 23 шілдеде сағат 18-56-де шұғыл кезекшілердің басқару пультіне хабарлама келіп түскен
фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Түркістан облысында ыстық ауа райының әсерінен 85 гектар жер өртенді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылғы 23 шілдеде сағат 18-56-де шұғыл кезекшілердің басқару пультіне хабарлама келіп түскен. Хабарламада Бәйдібек ауданы, Борылсай а/о, Кеңсай е/м, 2 бағыта: оңтүстік бағытта – 40га және күншығыс бағытта – 45га құрғақ шөп жанды делінген. Өрттің жалпы көлемі 85 га құраған екен. Қатты жел мен ыстық ауа райының салдарынан өрт санаулы минуттарда ойлы-қырлы жерлерге тез тарап үлгерген.
«Өрт оңтүстік бағытта сағат 23-40-те оқшауланып, сағат 00-00-те толық сөндірілген, ал солтүстік бағытта сағат 00-03-те оқшауланып, сағат 05-00-те толық сөндірілген. Қайтыс болғандар мен зардап шеккен адамдар жоқ. Өртті сөндіруге Бәйдібек ауданы № 34,10 өрт сөндіру бөлімінен 28 адам жеке құрам және 2 дана техникасы, орман шаруашылығынан - 40 адам мен 2 дана техника және жергілікті тұрғындардан 10 адам жұмылдырылды», - делінген хабарламада.