Былтыр 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Биыл Түркістан облысында 855 мың шаршы метр үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында құрылыс саласы едәуір дамып, нәтижесінде құрылыс жұмыстарының көлемі 2021 жылы 2,3 есеге артып, 322,9 млрд. теңгеге жетіп отыр.2018 жылы бұл көрсеткіш 139,1 млрд. теңге болатын. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде құрылыс және өңірдің инфрақұрылымын дамыту бағытындағы көрсекіштер мен жұмыстарға тоқталды.
«Жаңа облыс құрылған 4 жыл ішінде өңірде құрылыс қарқыны арта түсті. Былтыр 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал 2022 жылдың басынан бері пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 191,5 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда17,7%-ға артты. Биыл құрылыс жұмыстары 329,3 млрд. теңге мөлшерінде болады деп жоспарланған. Облыста тұрғынүйдіпайдалануғатапсыружоспары 855 мың шаршы метр болып белгіленді», – деген Өмірзақ Шөкеев өңірді газдандыру, ауыз сумен, электрмен қамту мәселелеріне де тоқталды.
2021 жылы 8 елді мекенде су құбыры қайта жаңартылып, 20 елді мекенге жаңа ауыз су құбыры тартылған. Нәтижесінде 717 (85,2%)елдімекен немесе 1 млн. 932 мың адам (94,5%) ауыз сумен қамтылған. Биыл 14 елді мекеннің су құбыры қайта жаңартылып, 13 елді мекенге жаңа ауыз су құбырын тарту жоспарланған. Сол арқылы 730 елдімекенді немесе 1 млн. 987 мың адамды сумен қосымша қамту көзделуде. Ал 2025 жылға қарай 841 елді мекен, яғни өңірді 100% ауыз сумен қамтамасыз ету межеленген.
Облыста газ саласы бойынша 252 нысан пайдаланушы ұйымның теңгеріміне өткізілді. Газбен қамтамасыз етілген елді мекендердің жалпы саны 457-і немесе 54,3%-ға жетті (1 млн. 374 мың адам немесе 67,2%). Биыл 50 нысанныңқұрылысы жүргізілуде, 33 400 тұрғыны бар 15 елді мекен мен 4 мөлтек аудан газға қосылмақ. Осы жұмыстар нәтижесінде 472 елді мекен немесе 1 млн. 407 мың адам «көгілдір отынды» пайдалануға мүмкіндік алады. 14 АГРС салынды, оның ішінде 10 нысан жұмыс істеп тұр, 3-еуі биыл қосылса, біреуі келесі жылы пайдалануға беріледі.
2021 жылы 32 мың тұрғыны бар 40 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылса, 2022 жылы қосымша 39 мыңға жуық тұрғыны бар 10 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылады.