Түркістан облысында командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

0
370

300-ге жуық адам мен 76 техника жұмылдырылған.


Түркістан облысында командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

Түркістан облысында «Өрт – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Іс-шара халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде басқару органдарын практикалық оқыту және Азаматтық қорғау күштерін даярлау мақсатында ұйымдастырылған. Осы орайда Төтенше жағдайлардың алдын алу және қысқа мерзімде шешімдер қабылдау, сондай-ақ азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру, олардың арнайы күштері мен құралдарының өрт қауіпті кезеңге дайындығын тексеру үшін Түркістан облысының барлық аудандарында табиғи өрттерді сөндіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті. Оған 300-ге жуық адам мен 76 техника жұмылдырылған.


Арнайы тактикалық оқу-жаттығуға облыстың жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаменті қатысты. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары, ерікті өртке қарсы құралымдар, орман шаруашылығы қызметкерлері, медицина қызметкерлері, полиция департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында іс-әрекеттер пысықталды.


Айта кетейік, оқу-жаттығу аясында екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілді. Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Абай облысында орналасқан.