Тағы алты жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
иллюстрациялық фото
Бүгін 16 шілде күні сағат 13.15 шамасында Түркістан облысында ірі жол көлік апаты болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шымкент-Жібек жолы тас жолы бойында "Мерседес" микроавтобусы мен "Камаз" жүк көлігі соқтығысып қалған. Жол көлік оқиғасы салдарынан микроавтобустың 5 жолаушысы мерт болған. Микроавтобус алдында кетіп бара жатқан жүк көлігіне кеп соқтығысқан көрінеді.
"Мерседес" микроавтобусының тізгінінде отырған жүргізушісі мен тағы алты жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Қазір құзырлылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
"Аталған жәйт Қазығұрт аудандық полиция бөліміне тіркеуге алынды. ҚР ҚК нің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп, полицейлер болған жәйттің мән жайын анықтап жатыр," - дейді Салтанат Қаракөзова.