Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстары басталды

0
558

Жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталған.


Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстары басталды

Түркістан облысында 612,7 шақырым жол мен 1 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында биыл облыстық маңызы бар 612,7 шақырым жол мен 1 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда ауа-райының қолайлы болуына байланысты жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталған.


Мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС тарапынан Ордабасы ауданындағы 2021 жылы басталған облыстық маңызы бар КХ-63 «Бадам-Шұбар-Аққойлы-Қызыләскер-Қарабұлақ-Түлкібас» автомобиль жолының 0-38 шақырым аралығына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.