Түркістан облысының тұрғыны көлігімен суға батып кетті

0
913

Көлікті судан жергілікті тұрғындар алып шыққан.


Түркістан облысының тұрғыны көлігімен суға батып кетті

Түркістан облысы Жетісай ауданында ер көлігімен суға батып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

1960 жылы туған ер адам автокөлігінің рулін басқара алмай суармалы К-21 каналына аударылып қалған.

Оқиға 27 ақпан күні Түркістан облысы Жетісай ауданының Жылысу ауылдық округіне қарасты Байланыс ауылында болған. Жергілікті тұрғындар өздері автокөлікті каналдан алып шыққанмен, ішінде иесі болмаған. Құтқарушылардың пайымдауынша, көлік каналға құлаған кезде жүргізушісі суға ағып кеткен болуы мүмкін.

Бұл жағдай туралы түнгі сағат 02.12-де төтенше жағдайлар департаментіне хабарланған. "Шардара" құтқару бекетінің сүңгуір құтқарушылары көлгімен суға аударылған ер адамның денесін сағат 11.57-де тапты. Марқұмның мәйіті оқиға орнынан 500 метр қашықтықта табылған. Іздеу-құтқару жұмыстарына "Шардара" құтқару бекетінен 5 адам, 1 УАЗ көлігі мен моторлы қайық жұмылдырылған.