ТҮРКІСТАН: Өмірзақ Шөкеев үйлерін сел шайған Төлеби ауданында болды

0
952

Қираған 9 үй жаңа жерге салынады. Қалғандары бұзылып, қайта тұрғызылуда.


ТҮРКІСТАН: Өмірзақ Шөкеев үйлерін сел шайған Төлеби ауданында болды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір топ депутаттармен бірге Төлеби ауданы, Леңгір қаласының тұрғындарымен кездесіп, жаңадан салынып жатқан баспаналарды бақылап қайтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңір әкімдігінен мәлім еткендей, мұнда көктемгі сел салдарынан апатты күйге түскен үйлер толық жаңадан салынып жатыр. Қираған 9 үй жаңа жерге салынады. Қалғандары бұзылып, қайта тұрғызылуда. Өңір басшысы «Алатау» мөлтек ауданында бой көтерген осы үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты.


«Жылдар бойы көктемде күпті көңілмен күй кешетін едік. Енді міне, өміріміз түбегейлі өзгерейін деп тұр. Сол үшін сіздерге шексіз алғыс білдіреміз. Қиындықтарды еңсеруге көмектесіп жатқан, жанымыздан табылып, жылы сөзбен демеп жүрген сіздерге халық риза», – деді облыс әкімімен кездескен Леңгір қаласының тұрғыны Мария Корнилова.

Облыс басшысы бұдан кейін Достық елді мекеніндегі тұрғын үйлердің құрылыс барысын бақылады. Онда сел шайған үйлер бұзылып, орнына жаңа баспаналар салынып жатыр. Өмірзақ Шөкеев үйлердің сапасына баса назар аударуды талап етті.

Еске салайық, Төлеби ауданында нөсерлі жауын салдарынан апатты деп танылған жалпы 38 баспана толық сүріліп, қайта салынуда. Құрылыс жұмыстары шілде айына дейін толық аяқталмақ.

Сондай-ақ жолдар мен көпірлер жарамсыз күйге түсіп, инфрақұрылым істен шыққан болатын.