Түркістан өңіріне жаңа әкім тағайындалды

0
820

Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып еңбек етіп келді.


Түркістан өңіріне жаңа әкім тағайындалды

Түркістан облысының әкімі ауысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын абыроймен атқарды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып қызмет атқарған. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып келген.

Айта кетейік, Түркістанда мәслихат депутаттарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттардың басым дауысымен Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.