ТҮРКІСТАН: Ордабасыда екі медициналық нысан салынып жатыр

0
755

Қазан айында ел игіліне берілмек.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда екі медициналық нысан салынып жатыр

Ордабасы ауданында екі медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Ордабасы ауданында "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында екі фельдшерлік-акушерлік пунктың құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның біреуі Қараспан ауылдық округіне қарасты Көлтоған ауылында бой көтеріп жатса, екіншісі Төрткөл ауылдық округіндегі Қызылжар елді мекенінде салынып жатыр.


Аталған екі әлеуметтік нысанның құрылысы осы жылдың маусым айында басталған. Құны 100 млн. теңгеден астам, қабырғалары күйдірілген қыштан салынып жатқан фелдшерлік акушерлік пунктер жылдың аяғында, яғни қазан айында ел игіліне беріледі деп жоспарлануда.


Жалпы, Ордабасы ауданында 52 емдеу мекемесі бар болатын болса, соның 22-сі фельдшерлік-акушерлік пункт. Келесі жылы осындай медициналық нысандар Дербес, Ықыластемір және Төреарық елді мекендерінде салынады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда олардың мемлекеттік сатып алу конкурсының тиісті процедуралары жүруде.