ТҮРКІСТАН: Орталық аурухана аумағына оттегі станциясы орнатылуда

0
991

Құрылғы толығымен автоматтандырылған режимде 9 жүйе бойынша 24 сағат жұмыс жасайды.


ТҮРКІСТАН: Орталық аурухана аумағына оттегі станциясы орнатылуда

Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен Түркістан қалалық орталық ауруханасына адсорбтивті оттегі бекеті әкелінді,деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Пандемия кезіндегі жағдай әр қаладағы ауруханалар мен дәрігерлер үшін сынсағат болғандай. Сол себепті, шаһарда да денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүріп, оттегімен қамтитын станциялар орнатылуда.⠀



Аталған құрылғы толығымен автоматтандырылған режимде 9 жүйе бойынша 24 сағат жұмыс жасайды. Жалпы максималды қуаты 200-220 кВт-тан тұратын бекет 300 орындыққа негізделген. Алдағы күнде аурухана аумағына орнатылып, іске қосылатын болады.