ТҮРКІСТАН: "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл" туралы жиын өтті

0
676

Мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақыртылып, қатысты.


ТҮРКІСТАН:

Келес ауданында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын насихаттау» туралы жиын өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында, аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаевтың төрағалығымен «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын насихаттау» туралы жиын өтті.

Жиынның күн тәртібінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау туралы заң жобасын насихаттау және кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер бойынша қолданыстағы заңнама мен жұмыс практикасының ережелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстары қаралып, атқарылған жұмыстар бойынша Келес ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас инспекторы Е.Ибраймов пен Келес ауданының білім бөлімінің әдіскері Д.Куатбеков баяндады.

Жиынға Аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, аудан прокуратурасының прокуроры Ғ.Бейсеқұл, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімдерінің өкілдері, Келес аудандық заң кеңесінің адвокаттары, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақыртылып, қатысты.