ТҮРКІСТАН: Полицейлер әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады

0
1 129

Әлеуметтік желіде белгісіз азаматтардың бір-бірімен жаға жыртысып, төбелескен видеосы тараған болатын. Оқиға Сайрам ауданында орын алған деген ақпарат та шыққан. Осыған орай, облыс полицейлері мәлімдеме жасады.


ТҮРКІСТАН: Полицейлер әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Түркістан облысы Сайрам ауданында түсірілген деген хабарламасымен күш қолдану, бұзақылық бейнеленген видео әлеуметтік желілерге тарап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бір тәулікте талайға тарап елдің елеңдеуін туғызған видеоға қатысты Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты.

"Әлеуметтік желілерде Түркістан облысының аумағында түсірілген деген бұзақылық әрекеттері бейнеленген видео тарап жатыр. Осыған байланысты, бұл фактінің Өзбекстан Республикасының аумағында орын алған және Түркістан облысына мүлдем қатысы жоқ екендігін хабарлаймыз. Сондай-ақ, Түркістан облыстық полиция департаменті азаматтарға шындыққа жанаспайтын мәлімет тарату ҚР ҚК нің 274 бабы, яғни "көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылу көзделгенін ескертеді",- деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі фейсбук парақшасында.