ТҮРКІСТАН: Полицейлер «Отбасы күнінде» балалар мен бірнеше отбасын қуанышқа бөледі

0
872

Отбасында өзі әке, өзі ана болып, перзенттерін асырап отырған жалғызбасты аналарға арнайы барып, хал-жағдайларын біліп, азық-түлік апарып көмек көрсеттті.


ТҮРКІСТАН: Полицейлер «Отбасы күнінде» балалар  мен бірнеше отбасын қуанышқа бөледі

Сарыағаш АПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Мырзагелдиев қарамағындағы қызметкерлерімен бірлесіп, қасиетті Рамазан айында және 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» мерекесі күніне орай қайырымдылық жасап, игі іс атқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Отбасында өзі әке, өзі ана болып, перзенттерін асырап отырған жалғызбасты аналарға арнайы барып, хал-жағдайларын біліп, азық-түлікпен көмек көрсетті.
Өз кезегінде, көмек алған Алы Сәрсенбаева: «Полицейлерге рахмет айтамын, қолдарынан келгенше, жұмыстарынан уақыт бөліп, осындай әрекеттер жасап жатқанына. Жақсылықтары Алладан қайтсын» - деп ризашылығын білдірді.
2010 жылы 6 баласымен қалған жалғызбасты ананың алғысын алған полицейлер, «Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді»- деп атап өтті.
Аталмыш мерекелік шараның идеологиялық мазмұны - отбасы институтын нығайту, некенің ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсатта Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Мақтааралдық тәртіп сақшылары бұл жолы кішкентайларды қуантуға асықты. Яғни, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға түрлі ойыншықтар, тәтті тағамдарды тарту етіп, қайырымдылық акциясын өткізді.
Осындай өзгелерге үлгі боларлықтай тәрбиелік мәні бар игі шаралар полицейлер тарапынан тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар, бұл шараға Төлеби АПБ-нің қызметкерлері де үн қосты. Полицейлер 10 баласы бар, көпбалалы отбасына қолдау білдіріп, бірінші кезекте қажетті азық-түліктер жиынтығын тапсырды. Төлебилік тәртіп сақшыларының айтуынша, бұндай қайырымдылық әрекеттерін жасауға кішкене де болса өз үлестерін қосқаны көңілдеріне қуаныш ұялатады.
Оған қоса, Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де II-топ мүгедегі, жасөспірім қызды қарап үйде отырған анаға азық-түліктер апарып берді. Өз кезегінде, тұрғын полиция қызметкерлеріне жылы лебізімен үлкен алғысын айтты.
Осылайша, Отбасы күнінде тәртіп сақшылары бірнеше аз қамтылған отбасыларын қуантты.