ТҮРКІСТАН: Полицейлер өзгенің мүлкін талан-таражға салған қылмысты ашты

0
1 456

Сайрамдық полицейлер құны 1,5 миллион теңге тұратын пластикалық тауар өнімдерін тауып берді.


ТҮРКІСТАН: Полицейлер өзгенің мүлкін талан-таражға салған қылмысты ашты

Түркістан облысы полицейлері өзгенің мүлкін талан-таражға салған қылмысты ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам ауданының жергілікті тұрғыны Назгүл Мадуова аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жоғалған тауарды қайтаруға көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Белгілі бір фирманың өкілі жас қыз, Сайрам АПБ-не арызданады. Ол өз арызында, жалпы құны 1,5 миллион теңге тұратын пластикалық тауар өнімдерін Атырау қаласына түзілген келісім-шарттың негізінде жеткізуге жауапты автокөлік жүргізушісінің тауарды жеткізбегендігін көрсетеді. Жалпы шығын құны 1,5 миллион теңге.

Осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабына «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, аудандық полиция басқармасының жеке құрамы мен қызметкерлері шұғыл іздестіруге жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Сайрам АПБ-ның полицейлері күдіктіні ұстады. Күдікті Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында күдікті ұрланған тауарды сатып, өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды.

Полицейлер жоғалған тауарды Түркістан қаласынан тауып, заңды егесіне қайтарды. Фирманың өкілі Назгүл Мадуова бірінші кезекте тәртіп сақшыларының қырағылығына, кәсіби шеберліктеріне алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.