ТҮРКІСТАН: Полицейлер шекарада тұрып қалған Өзбекстан азаматтарына көмектесті

0
926

Қазақстандағы шекаралық аймақтарда да өзге елдің азаматтары үйлеріне қайту мақсатында көптеп жиналуда.


ТҮРКІСТАН: Полицейлер шекарада тұрып қалған Өзбекстан азаматтарына көмектесті

Түркістан облысы полицейлері өз еліне өту үшін шекарада тәуліктеп тұрып қалған Өзбекстан азаматтарына көмектесуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ойламаған жерден әлемге тараған індетке байланысты жан-жақта жұмыс істеп жүрген азаматтар өз елдеріне, үйлеріне қарай ағылуда. Қазақстандағы шекаралық аймақтарда да өзге елдің азаматтары үйлеріне қайту мақсатында көптеп жиналуда.

Мысалы, Сарыағаш ауданы Жібек-жолы бекетінде карантинге байланысты басқа елдерде жұмыс жасайтын азаматтар Қазақстан арқылы Ташкентке өтуге 2-3 тәуліктеп кезекте тұрып қалуда.

Осындай қиын сәтте, өзбек азаматтарын далада қалдырмаған Сарыағаш аудандық полицейлері мен тұрғындары, өз еліне өте алмай бірнеше күн шекарада тұрып қалған 700-ге тарта Өзбекстан Республикасының азаматтарына қолдау көрсетті. Оларды ыстық тамақ, уақытша жатар орындармен қамтамасыз етіп, барынша қолдан келген көмектерін берді.

Өз кезегінде Өзбекстан Республикасының азаматтары «Қазақстандықтарға алғыстарын жаудырды.

«Ауа-райы да бұзылып, кәдімгідей далада қалдық. Осы сәтте, бізге полицейлер көмектесіп, адамгершілік үлгісін көрсетуде. Қазақстанның қонақжайлылығына ризамыз. Ыстық тамақ пен паналайтын жер тауып беруде. Елімізге тездетіп өтуге ықпал жасауда. Аллаға разы болсын»,- деп шынайы ықыластарын жеткізді.
Сондай-ақ, Сарыағаш АПБ Жергілікті полиция қызметі полицейлері, Көші-қон қызметі бөлімшесінің инспекторлары осы аймақта қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында күні-түні қызмет атқаруда. Төтенше жағдай режимінің сақталуына жұмыс жасауда.