ТҮРКІСТАН: Ресейде оқып жүрген студенттер елге оралды

0
638

Әзірге 10 студенттің медициналық тексеру қорытындысы шығып, олардың індеттен таза екені белгілі болған.


ТҮРКІСТАН: Ресейде оқып жүрген студенттер елге оралды

Ресейде білім алып жүрген Түркістан облысының студенттері елге оралды. Тексеруден өткен жастарды азық-түлікпен және көлікпен қамтамасыз етуде Түркістан облысы әкімдігі мұрындық болуда. Осы игі бастама арқасында соңғы аптада 30-ға жуық студент Қазақстанға келіп үлгерген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде «COVID-19» вирусының таралуын болдырмау мақсатында оның 11-і Шығыс Қазақстан облысы, 11-і Павлодар, 5-еуі Солтүстік Қазақстан облысы және 2-еуі Қостанай облысында оқшауланып, медициналық тексеруден өткізілуде.

Әзірге 10 студенттің медициналық тексеру қорытындысы шығып, олардың індеттен таза екені белгілі болған.

Қазіргі таңда толық тексеруден өткен студенттер Түркістан облысындағы өз үйлеріне жіберілген.
Мамандар жалпы Ресейде қазақстандық мыңдаған студент білім алып жүргенін айтады. Жарияланған төтенше жағдайға байланысты барлық шәкірттер елге қайтарылуда.