ТҮРКІСТАН: Республика күніне орай жастар арасында облыстық спартакиада өтті

0
739

Жастардың физикалық белсенділігі мен командалық рухы сыналған бәсекеге қатысушылар спорттың 6 түрінен, атап айтқанда, арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, үстел теннисі, белтемірге тартылу және волейболдан өзара сынға түсті.


ТҮРКІСТАН: Республика күніне орай жастар арасында облыстық спартакиада өтті

ERNUR.KZ. Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-ң бастамасымен “25 қазан - Республика күніне” орай жастар арасында облыстық спартакиада өтті.

Сарыағаш және Жетісай аудандық жастар орталықтарының бірігіп ұйымдастыруымен өткен шараға аудан, қалалық жастар орталықтарының мамандары қатысып, өзара бақ сынады.

Жастардың спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спартакиаданың ашылу салатанатына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-ң басшысы Ернар Нұралыұлы, Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Нұржан Пернебайұлы қатысты.
Жастардың физикалық белсенділігі мен командалық рухы сыналған бәсекеге қатысушылар спорттың 6 түрінен, атап айтқанда, арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, үстел теннисі, белтемірге тартылу және волейболдан өзара сынға түсті.
Командалық есеп бойынша оқ бойы озып шыққан Төлеби ауданы I орынды иеленсе, Қазығұрт ауданы II орынды қанжығалады. Ал Сауран ауданына III орын бұйырды. Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.