ТҮРКІСТАН: Сайрамда жол ережесін бұзған 15 қоғамдық көлікке шара қолданылды

0
988

Түркістан облысында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда жол ережесін бұзған 15 қоғамдық көлікке шара қолданылды

Сайрам ауданының полиция қызметкерлері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 15 құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өздеріңізге белгілі, 10-17 қазан күндері аралығында Түркістан облысында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жолдар бойында орын алатын апатты азайту және жол қозғалысы ережелерін сақтаудың алдын алу болып табылады.

Жедел-профилактикалық іс-шараға Сайрам АПБ мен қажетті деп танылған орган қызметкерлері қатысып, жол-көлік оқиғасының алдын алу және жол қозғалысы ережесін сақтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Ақсукент қала жанында өткен рейдтік іс-шара барысында полицейлер жолаушы тасымалдауда көлік жүргізушілерінің 15 әкімшілік құқық бұзушылығын анықтады. Тәртіп сақшылары заң бұзушыларды жауапқа тарту мақсатында әкімшілік хаттама толтырды.

Сондай-ақ, аталмыш «Автобус» рейдтік жедел-профилактикалық іс-шарасын Арыс АПБ-нің қызметкерлеріде өткізді.

Полицейлер көліктің міндетті техникалық байқаудан өтуін, құжаттарының сәйкес болуын, көлік ішіндегі құрал-жабдықтардың толық болуын, жүргізушінің медициналық тексерістен өтуін және т.б жайттарды тексерді. Барлық анықталған құқықбұзушылықтар бойынша Арыс АПБ әкімшілік хаттама толтырды.