Толығымен жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.
"Жұмыспен қамту жол картасы 2020" аясында Сайрамдағы 21 нысан жөнделеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Сайрам аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырыс беруімен 21 нысанның орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Аталған жобалар Сайрам ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылатын болады.
Қазіргі таңда Ақбұлақ ауылдық округіндегі Әл-Фараби, Ақсу көшелерінің жөндеу жұмыстары аяқталған. Сонымен бірге, Жібек жолы ауылдық округіндегі жалпы 12 көшенің жөндеу жұмыстары мәресіне жеткен.
Айта кетейік, осы жиырма бір нысан толығымен жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.