ТҮРКІСТАН: Сайрамдықтар 5 айда 56 мың тонна сүт өндірген

0
787

Ет өндіру өткен жылға қарағанда ұлғайған.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдықтар 5 айда 56 мың тонна сүт өндірген

Сайрам ауданында биыл өнім көрсеткіші жоғары, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам ауданында 2020 жылдың алғашқы 5 айында 12690 тонна ет пен 56100,0 тонна сүт және 7200 мың жұмыртқа өндірілген екен. 2019 жылмен салыстырғанда ет өнімінің көлемі 110,4% орындалған.

Сондай-ақ, аудандағы 3 кәсіпорын мен цех жылына 6400 тонна етті қайта өңдеуге қауқарлы. Алайда, әзірге бұл көрсеткіштің 60%-ы ғана пайдаланылып жатыр.

Сонымен қатар, Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылдық округіндегі «Құрбантай ата» шаруа қожалығының басшысы Сәбит Ахчиевтің айтуынша, кәсіпорын жылына 250 тонна қара мал етін өндіреді екен. Оған қоса, қазіргі таңда Манкент ауылдық округінде 12 500 бас ірі қара мал бордақыланып жатыр және жиырмаға жуық орта ірі бордақылау алаңшалары орналасқан.

Ал өндірілген ет - Шымкент, Алматы және басқа да қалаларға жөнелтіліп жатыр.

Жылдық өнімінің негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдері құрайтын күнгей өлкеде мал бордақылау, ет, сүт өнімдерін өндіру бойынша аталған аудан жыл сайын алдыңғы қатардан көрініп келеді.