Қоғамдық бақылауға ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Құркелес ауылдық округ әкімі, мердігер және техникалық қадағалаушы мекемелердің басшылары қатысты.
Сарыағаш ауданы әкімінің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына тұрғындармен бірге қоғамдық бақылау жүргізу тапсырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Осыған орай, бүгін Құркелес ауылдық округі, Жаңаталап елді мекеніндегі көшелерге асфальт және шағал төсеу жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары Бахытжан Полатов арнайы барып, ауыл тұрғындарының қатысуымен қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық бақылауға ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Құркелес ауылдық округ әкімі, мердігер және техникалық қадағалаушы мекемелердің басшылары қатысты. Қоғамдық бақылаудың мақсаты ауыл тұрғындарымен бірге жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын қадағалау және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып жұмыс жүргізу.