Жұмыстар «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүріп жатыр.
Сарыағаш ауданының әкімі асфальт төсеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев Ақжар ауылдық округіне арнайы барып, асфальт төсеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Әділбеков таныстырды. Биылғы жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжар ауылдық округі, Ақжар елді мекенінде 8 көшенің 13,3 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары «MM Group» ЖШС-гі тарапынанжүргізілуде. Жол жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқталу жоспарлануда. Нысан құрылысымен танысқан аудан басшысы халық игілігі үшін салынып жатқан жол құрылыстарының сапалы әрі мерзімді аяқтауды мердігер мекеменің басшысына тапсырды.
Айта кетсек, 2021 жылы аудан бойынша «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжар, Дарбаза, Жібек жолы және Дербісек ауылдық округтерінде жалпы 17 көшенің 27,8 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен Сарыағаш қаласы Телемұнара және Көктөбе шағын ауданындағы 13 көшенің 14,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, 2021-2022 жылдарға өтпелі кезеңмен орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан болса, ал, жергілікті бюджеттен 2021 жылға аудан бойынша 9 көшенің 10 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарына және 20 көшенің 43,7 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жыл соңына дейін жергілікті бюджет есебінен аудан бойынша қосымша 16 көшенің 19,1 шақырымынаорташа жөндеу және 7 көшенің 6,2 шақырымына тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.