ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық полицейлер жас әйелді өлім аузынан алып қалды

0
1 097

Сарыағаштық жас әйел көпірден секірмекші болған. Алайда, оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің шұғыл-тергеу тобы оны әйелді құтқарып қалды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық полицейлер жас әйелді өлім аузынан алып қалды

Түркістан облысы полицейлері өзін-өзі өлтірмекші болған жас әйелдің өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш теміржол вокзалының жаяу жүргіншілердің өтуіне арналған теміржол торабының үстінен өткен көпірде бейтаныс азаматша өзін-өзі өлтіру мақсатында секірмекші болып тұрғаны туралы Сарыағаш АПБ-не хабар келіп түседі.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, яғни шұғыл-тергеу тобының жедел уәкілі полиция лейтенанты Рүстем Райымбеков, тергеуші полиция лейтенанты Аман Нұрқанат, криминалист полиция лейтенанты Хасан Әбілдер тез арада барған. Жедел жеткен полицейлер көпірдің жақтауы арқылы секірмекші болған әйелді байқап, шұғыл шараларды дер кезінде қабылдады.

Онда өзін-өзі өлтірмекші болған әйелді полиция қызметкерлері әңгімеге тартып, қауіпсіз қашықтыққа алып шыққан. Өзін-өзі өлтірмекші болған әйел медициналық және психологиялық көмекке зәру Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шыққан. Аталған әйел өз туыстарына тапсырылды.

Орын алған жайт ҚР ҚК –нің «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі кезде барлық болған оқиғаның жағдайының себептері анықталуда. Өз кезегінде, Сарыағаш АПБ-нің басшылары полиция аға лейтенанты Рүстем Райымбековке, полиция лейтенанты Аман Нұрқанатқа мен Хасан Әбілдерге және басқа да полиция қызметкерлеріне жедел шара қолданғандығы үшін және кәсіби шеберліктеріне әйелді суицидтен құтқарғандары үшін алғыс білдірді.