ТҮРКІСТАН: Селден зардап шеккен Төлебиде 38 үй жаңадан салынады

0
968

Төлеби ауданында тасқын судың салдарынан үйлер тұруға жарамсыз болып қалған.


ТҮРКІСТАН: Селден зардап шеккен Төлебиде 38 үй жаңадан салынады

Түркістан облысы Төлеби ауданында су тасқыны салдарынан келтірілген зардаптарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілiп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жұмыстарға 8 мердігер компания мен 6 инжинирингтік қызмет көрсетуші мекеме жұмылдырылған.

Айта кетейік, Төлеби ауданында мамандардың қорытындысымен 38 үй жарамсыз деп танылған болатын. Қазiргi таңда 17 үйді бұзу жұмыстары жалғасуда. Оның iшiнде 3 үйдің iргетасын құю жұмыстары басталды. Сел салдарынан 78 азамат эвакуация орталығына жатқызылса, қазіргі таңда 40-тан астам азамат ағайын-туыстарының үйіне жайғасқан.

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, эвакуация орталығында орналасқан азаматар үш мезгіл тамақпен қамтылып, оларға барлық қажетті жағдай жасалынуда. Сондай-ақ, ол зардап шеккен 38 баспана толықтай сүріліп, орнына жаңа баспана салынатындығын айтты.

Баспаналарды қалпына келтіру жұмыстарына 510 млн. теңге бағытталмақ. Төлеби ауданы әкімдігі жалпы құрылыс жұмыстарын 1.5 - 2 ай көлемі ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.