ТҮРКІСТАН: Шардара ауданының 95 %-ы таза ауыз сумен қамтылған

0
2 166

1000 метр ұңғыма қазу көзделген.


ТҮРКІСТАН: Шардара ауданының 95 %-ы таза ауыз сумен қамтылған

2025 жылға дейін Шардара ауданын ауызсумен қамту көрсеткіші 100%-ға жеткізілмек, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Шардара ауданы бойынша 25 елдімекеннің 18-інде орталықтандырылған құбыр жүйесі бар. Шағалалы аймақтың 7 елдімекенінде модульді тазарту қондырғылары жұмыс істейді. 2019 жылы «Шардара қаласы бас су торабын және тазарту станциясын қайта құру» жобасы дайындалды. Жобаның құны 3045,813 млн теңге. Жоба келер жылы жүзеге асады.

Сондай-ақ, былтыр Шардара ауданы Қызылқұм а/о Қызылқұм ауылының ауыз су беру торабы құрылысына жоба дайындалған. Жобаның құны 348,1 млн. теңгені құрады. 2021 жылы қаржыландырылатын жоба аясында тереңдігі 1000 метр ұңғыма қазу көзделген.

Шағын елді мекендерді блок модульді тазарту қондырғысымен қамтамасыз ету бойынша 2021 жылы Бағыскөл елді мекеніне, 2022 жылы Бимырза, Құйған, Пшентөбе, Бозай елді мекендеріне орнату Түркістан облысы Шардара ауданының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етудің іс-шара жоспарында жоспарланған.

Түркістан облысы дамуының Кешенді жоспары бекітілгенде негізгі оңтүстік аймақтағы әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға күш салынған. Өңірде аудан мен ауылдарды дамытуға бағытталған 67 жоба жүзеге асуда. Осылайша елдімекендерде мектептер мен аурухана салынып, жол тартылып, ауыз су мен газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде.