ТҮРКІСТАН: Шардара ауданының ауруханасы компьютерлік-томография аппаратымен жабдықталды

0
1 313

Жоғары сапалы компьютерлік-томография жүйелері Жапонияда шығарылған.


ТҮРКІСТАН: Шардара ауданының ауруханасы компьютерлік-томография аппаратымен жабдықталды

Түркістан облысы, Шардара аудандық орталық ауруханасының инсульт бөлімшесі компьютерлік-томография аппаратымен жабдықталды, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Компьютерлік томография аппараты орнатылған кабинеттерді Түркісан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев арнайы барып ашты. Түркістан облысы, Шардара аудандық орталық аурухананың инсульт бөлімшесінде бұған дейін мұндай медициналық техника болмаған. Жоғары сапалы компьютерлік-томография жүйелері Жапонияда шығарылған.

Аудан халқына енді заманауи сәулелі зерттеуден өту үшін бұрынғыдай алыс жолға шығудың қажеті жоқ. Нақты және сапалы медициналық тексеру аудандық аурухана қабырғасында да қол жетімді болып отыр. Дәрігерлердің біліктіліктерін үздіксіз арттырудың арқасында, аудандық инсульт бөлімшесі Қазақстанда және шетелдерде білімін жетілдірген мамандармен толық қамтылды. Аурухананың орта буын медицина қызметкерлері де Түркістан жоғары медицина колледжінде өз білімдерін жетілдірген. Ауруханада оңтайлы өзгерістер көп. Бұдан бөлек, оңалту орталығы ашылып, механика-терапиялық аппараттармен, емдік дене шынықтыру, массаждың дәстүрлі және инновациялық технологиялары бойынша түрлі жаттықтыру құралдарымен жабдықталған.