Чемпионатқа әлемнің 55 елінен қол күрес шеберлері қатысты.
Румыния елінде өткен қол күресінен Әлем чемпионатында шардаралық спортшылар 11 алтын иеленді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Қазан айының соңғы күндері Румыния елінің Констанца қаласында қол күресінен өткен 41-ші Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны 11 алтынмен толықты. Құрама сарында өнер көрсетіп, ел мерейін үстем еткен спортшылардың бәрі де шардаралықтар. Алтыннан алқа таққандардың ішінде 6 салмақ бойынша Назира Зиядулла, Жұлдыз Нарзан, Арай Мәлік, Ұлбала Камал, Мақпал Зиядулла және Лаззат Мәлікайдар сынды шардаралық нәзік жандылар әлем чемпионы атанып отыр.
Әлемнің 55 елінен жиналған қол күрес шеберлері арасында өткен байрақты бәсекеде шардаралық спортшылар ел қоржынына 5 күміс пен 6 қола медаль салды.