ТҮРКІСТАН: Шардарада 60 отбасы баспаналы болды

0
154

«Болашақ» саябағының ашылу салтанаты өтті.


ТҮРКІСТАН: Шардарада 60 отбасы баспаналы болды

Шардара ауданында 60 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара ауданының 60 жылдығы аясында Шардара қаласындағы №4 шағын ауданында 60 пәтерлі тұрғын үйді табыстау рәсімі өтті. Жиынға аудан әкімі Арман Қарсыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Мүталиев Бұлтбай арнайы қатысып, тұрғындарға 60 баспананың кілтін табыстады. Сондай-ақ, аудан әкімі тұрғын үй құрылысына атсалысқан азаматтарды арнайы Алғыс хатпен марапаттады.


«Биыл Шардара қаласында көптеген нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Біздің мақсатымыз - аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту. Былтыр жаз айында 100 пәтер, кеше ғана 40 пәтер, тағы 24 пәтерді ел игілігіне пайдалануға бердік. Бүгінде тұрғындарды қуантып отырмыз. Осындай қуанышты сәтте пәтер иелеріне ауданның мерейтойымен бірге келген жаңа қоныстарыңыз құтты болсын дегім келеді»,- деді Арман Романұлы.


Сондай-ақ, бүгін дәл осы №4 шағын ауданында жаңа «Болашақ» саябағының ашылу салтанаты өтті. Онда әсем ән шырқалып, ауданның 60 жылдығы аталып өтті.

Бөлісу