ТҮРКІСТАН: Шолаққорған-Қарағұр бағытындағы жол жөнделеді

0
1 548

Тозығы жетіп, ескірген жолдардың құрылыс жұмыстары биыл басталады.


ТҮРКІСТАН: Шолаққорған-Қарағұр бағытындағы жол жөнделеді

Созақ ауданындағы Шолаққорған-Қарағұр бағытындағы жол жөнделеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар жол жөнделеді. Бұл туралы аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылы, Теріскей шағын ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.


Бүгінде аудан тұрғындарын аудан орталығы мен шалғайдаға ауыл елді мекендерді байланыстыратын облыстық маңызы бар жолдардың жай-күйі мазалайды. Атап айтсақ, Шолаққорған-Қарағұр арасындағы және Шолаққорған мен Ыбырай елді мекені арасындағы жол мәселесі алаңдатады. Тозығы жетіп, ескірген жолдардың құрылыс жұмыстары биыл басталады.


Қазіргі таңда бұл бағыттағы күре жолдың бірнеше бөлігін жүргізетін мердігер компания анықталды. Облыстық маңызы бар «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының 181-214 шақырымы аралығына және облыстық маңызы бар «КХ-57 Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолының 0-30 шақырымы аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Созақ ауданы аумағындағы 131-156 шақырымы және 156-181 шақырымы аралықтарының жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жолды жөндейтін мердігер компания анықталған соң құрылыс жұмыстары басталады.


Өткен жылы облыстық маңызы бар КХ-189 «КХ-2 а/ж -Жаңатас қаласы» автомобиль жолының Созақ ауданы аумағында орналасқан 24 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын.