Тап қазіргі уақытта жалпы саны 356 оқушы білім алып келеді.
Шорнақтағы жатақханаға күрделі жөнлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Шорнақ ауылында орналасқан Қ.Рысбеков атындағы 300 орынды мектеп-интернатының жатақханасына құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл интернатта әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен шалғайдағы шаруалардың балалары тұрақтайды. Тап қазіргі уақытта жалпы саны 356 оқушы білім алып келеді.
Аталған нысанды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен облыс әкімінің орынбасары Сакен Амангелдіұлы Қалқаманов, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов танысты. Сакен Амангелдіұлы "құрылыс өз уақытында сапалы жүргізіліп, балаларға барлық жағдайлары жасалуы және заманауи кейіпке енуі қажет",- деп құрылысшы мекемеге бірқатар тапсырмалар берді.
Аталған жатақхана құрылысы жаңа оқу жылына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
Айта кетсек, бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының орындалуымен танысып, жауаптыларға бірқатар тапсырма берген болатын. Сонымен қатар, Мырзакенттегі желілік саябақ пен гүлзар салынып жатқан құрылыс алаңын да бақылап қайтқан елі.