​"Түркістан-Шымкент" бағытындағы жедел пойыздың алғашқы рейсі Шымқалаға аттанды

0
2 396

Елбасының курстасы Ә.Каримов пен облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нүкенов алғашқы рейстің лентасын қиды.


​

Бүгін облыс орталығы Түркістан қаласындағы вокзалдан "Түркістан-Шымкент" бағытындағы жедел пойыздың алғашқы рейсі жолға шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов, «Қала маңындағы тасымал» АҚ Бас директоры Мұхтарбек Сүлейменов, құрметті теміржолшы Әсетулла Каримов пен жол бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік қызметкерлерге жайлы жағдай жасалуы үшін қолға алынған жедел пойыздың ашылуында сөз сөйлеген облысы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Теміршотұлы құттықтап, бұл бағыттың екі қала тұрғындары мен қонақтарының барыс-келісін оңтайландыру мақсатында да орны ерекше екенін атап өтті.

Ал, Елбасының курстасы Ә.Каримов пен облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов алғашқы рейстің лентасын қиды. Пойыз жолға аттанбас бұрын Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев жолаушылармен бірге пойыз ішін аралап көрді.

Миллион тұрғыны бар мегаполис пен жаңа облыс орталығы - Түркістанды байланыстыру мақсатында ашылған темір жол бағытындағы рейс дүйсенбі мен жұма күндері аптасына екі рет жүргізіледі. Жол ұзақтығы 2 сағат 15 минут уақытты құрайды. Пойыздың сыйымдылығы 175 орынға лайықталған. Жол жүру ақысы - 609 теңге.

Қос бөліктен тұратын пойыззаманауи жылыту және кондиционер жүйесімен, қоларбадағы мүгедектерге арналған көтергіш құрылғылармен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға сондай-ақ әжетхана мен жуыну бөлмесіне көмек керек болған кезде «SOS» батырмасы орнатылған.