ТҮРКІСТАН: Солтүстік Қазақстан облысынан делегация келді

0
653

Тұрғындарды баспана мен берілетін мемлекеттік жеңілдіктер қызықтырды.


ТҮРКІСТАН: Солтүстік Қазақстан облысынан делегация келді

Сарыағаш ауданына Солтүстік Қазақстан облысынан делегация келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінің мәдениет үйінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жиын өтті. Атап айтсақ, жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихаттың хатшысы С.Тасқұловтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысынан келген бір топ делегация өкілдері аудан тұрғындарына Солтүстік өңіріне ерікті түрде қоныс аударудың тиімділігі, және көшкен жағдайда көрсетілетін жәрдем мен ынталандыру жайлы толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Сондай-ақ, жиналысқа аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашова, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданынан келген делегация мүшелері, Ақжар ауданы мәслихатының хатшысы А.Хоршат, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Баржанов және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Шайсултанов қатысты. Жиын барысында аудан тұрғындары да көшуге байланысты өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды. Ауыл тұрғындарын көбінесе баспана мен берілетін мемлекеттік жеңілдіктер қызықтырды.