ТҮРКІСТАН: Соңғы екі тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген

0
601

Карантиндік стационарда 56 адам оқшауланған.


ТҮРКІСТАН: Соңғы екі тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген

Түркістан облысында инфекция жұқтырған 3352 науқас жазылып шыққан, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақталып отыр. Соның әсерінен соңғы екі тәулікте өңір бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелмеген. Облыс аумағында бүгінгі күнге дейін COVID-19 індеті расталған 3418 науқас бойынша 2647 ошақ анықталып, барлығында дезинфекциялық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Аталған эпидемиологиялық іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр.

Бүгінгі таңға дейін Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3352 науқас жазылып шыққан. Олардың ішінде 2359 азаматта індет симптомсыз өткен. Инфекциялық стационарда қазіргі таңда 1 науқас ем қабылдап жатыр.

Облыс бойынша қызмет көрсетіп тұрған 10 ПТР зертханаларында жалпы пандемия басталғалы 208 376 адамнан сынама алынған. Соңғы 24 сағатта 2 мыңға жуық адам тексеруден өткен. Ал инфекциялық стационарларда 600 төсек-орын бар. Бүгінде 25 науқас вирусты пневмониядан ем қабылдап жатыр. Ал карантиндік стационарда 56 адам оқшауланған.