ТҮРКІСТАН: Сұйытылған мұнай газ тапшылығын болдырмау жұмыстары жүріп жатыр

0
687

Мұнай газ құрылғысымен жабдықталған 47 593 автокөлік тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Сұйытылған мұнай газ тапшылығын болдырмау жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облысында сұйытылған мұнай газ тапшылығын болдырмау мақсатында жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы 831 елді мекеннің 457-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Қалған 374 елді мекен бүгінгі күні тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын пайдалануда. Оған қоса, облыста сұйытылған мұнай газ құрылғысымен жабдықталған 47 593 автокөлік тіркелген.


ҚР Энергетика министрінің 2022 жылғы 22 қаңтардағы №22 бұйрығының 19 тармағына сәйкес Түркістан облысының жаз айларына сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі 13 059 тоннаны құрайды.


Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы С.Далиев мәлімдеме берді.


«Облыс аумағында 7 газ толтыру бекеті орналасқан. Электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын: 27 газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері алуда. Аталған 27 сұйытылған мұнай газын сатушы мекемелердің облыста 304 автогаз құю бекеттері бар. Ондағы баға 1 литр үшін 60-65 теңгені құрайды . Бұл баға жыл соңына дейін тұрақты болады», – дейді Сәкен Шалабайұлы.


Спикердің сөзінше, Түркістан облысы халық көп шоғырланған аумақ екенін ескере отырып, басқарма тарапынан газ тамшылығын болдырмау үшін ҚР Энергетика министрлігіне қосымша 1000-2000 тонна газ беру туралы хат жолдаған.


Сонымен қатар, СМГ бекітілген жеткізу жоспарына сәйкес тамыз айында Түркістан облысына 12 141 тонна жеткізу жоспарланған. Бүгінгі күні зауыт жалпы көлемнің 32 пайызын тиеді. Бұл 3 885 тоннаны құрайды.


Айта кетейік, басқарама тарапынан арнайы мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.