ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментін жаңа басшы басқарады

0
2 050

Жаңа басшы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен тағайындалған.


ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментін жаңа басшы басқарады

Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне Көшқалиев Хаким Дүйсешұлы тағайындалды.

Еңбек жолын слесарь маманынан бастап, түрлі салаларда орындаушылық лауазымнан Департамент басшысына дейін бірқатар лауазымдарда қызметтер атқарған.

Хаким Көшқалиев прокуратура, Әділет органдарында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында мол тәжірибе жинақтаған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Штаб департаметінің басшысы қызметін атқарды.

Айта кетейік, бүгінде әлеуметтік желі мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланыстың тиімді құралы ретінде танылып отыр.

Қоғаммен тығыз байланысты орнату үшін Департамент басшысы Хаким Көшқалиев facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты.

Хаким Дүйсешұлы Департамент қызметінде ашықтық пен қол жетімділік және айқындылық пен адалдық қағидаттарын құруда облыс тұрғындарын тығыз қарым - қатынас орнатуға және жемқорлықфактілеріне мұқият назар аудара отырып, осы бағытта бірлесе жұмыс жасауға шақырады.