ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні белсенділер марапатталды

0
912

«Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджерлері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары бой көрсетті.


ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні белсенділер марапатталды

Түркістанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында қоғам белсенділері марапатталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қоғам белсенділерін марапаттады. Іс-шараға өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қалалық және аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары қатысты. Сонымен қатар, арнайы мониторингтік топ және ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджерлері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары бой көрсетті.

Жиынның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосқан азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің еңбегін бағалай отырып марапаттау, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыруға бүкіл қоғамды тарту.

Шарада жыл бойы Департаментпен атқарылған жұмыстар баяндалып, арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді. Жиында алғашқы болып сөз алған Департамент басшысы Хаким Көшқалиев облыс көлемінде әлеуметтік дертке қарсы саясаттың іске асырылуы аясында атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ, арнайы мониторингтік топ мүшелері өз ойларымен бөлісті.

Шара соңында сыбайлас жемқорлықпен күресуде белсенділік танытқан азаматтарға түрлі номинациялар бойынша арнайы алғыс хаттар мен грамоталар, дипломдар табысталды. Сондай-ақ, Департамент қызметкерлерінің қатысуымен түсірілген «1424» көркем фильмінің кезекті көрсетілімі жиынға қатысушылар назарына ұсынылды.