Жәбірленуші алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмған.
Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты Жетісай ауданында танысын тепкілеп өлтірген 50 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды.
Атап өтсек, қанды оқиға жыл басында Жетісай ауданында болған. Жергілікті дәмханалардың бірінде бірге спиртті ішімдік ішіп көңіл көтерген екі ер адамның арасында жанжал шығып, төбелесіп қалған. Сотталушы жәбірленуші марқұмның басынан бөтелкемен ұрып құлатып, үстіне шығып ап кеудесінен тепкілеген. Дәмхананың қызметкерлері де, келушілері де төбелескендерді ажырата қоймайды. Оқиға орнына полицейлер жеткенше бұзақы бой тасалап үлгерген. Ал жәбірленуші алған дене жарақатынан дәмханада жантәсілім еткен.
Тәртіп сақшылары күдіктіні сол түні қолға түсіріп, сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, кісі өлтіргісі келмегенін айтқан.
Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны ҚР ҚК нің 99 бабы 1-ші бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкіммен келіспеген сотталушы апелляциялық шағым келтірген. Алайда қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бастапқы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.