ТҮРКІСТАН: Тазалық сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынады

0
542

Тазалық айлығы сәуір айының соңына дейін жалғасады.


ТҮРКІСТАН: Тазалық сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынады

Түлкібас ауданында жаппай сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен аудан аумағында жаппай сенбілік өтті. Сенбілік барысында елді мекендерге кіреберіс жолдар мен ішкі көшелер, саябақтар мен алеялар, арық-атыздар, өзен бойы мен бұлақ көздері ашылып, күл-қоқыстан тазартылды.


Тазалық жұмыстарына ауылдық округ, кент әкімдіктері мен дербес бөлімдердің мамандары, ақыл қоғамдық негіздегі жұмысшылар атсалысты.


Жалпы тазалық жұмыстары ауданда үздіксіз жүргізіліп келеді. Алайда кейбір тұрғындар тынымсыз тазалық жұмыстарын атқарып жатқан жандардың еңбегін бағаламай, көше бойына ретсіз күл-қоқыс пен қатты қалдықтарды тастап, ортақ тәртіпке көнбей келеді.


Осы ретте, аудан әкімдігінің тікелей тапсырмасымен барлық ауылдық округ, кенттерде құрамында арнайы мамандар, қоғамдық кеңес мүшелері мен учаскелік полиция инспекторлары бар мобильді топтар құрылып, ретсіз күл-қоқыс пен қатты қалдықты тастаған тұрғындарға ескертуден кейін шара көруде.


Айта кетейік, тазалық айлығы сәуір айының соңына дейін жалғасады.