17 көшені орта жөндеуден өткізуге қаржы қарастырылуда.
Төлеби ауданында 45 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Төлеби ауданында жалпы ұзындығы 78,8 шақырымды құрайтын 45 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында республикалық бюджет есебінен 8 көше, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы бойынша 13 көше орташа жөндеуден өткен. Аудандық бюджет есебінен 22 көшеде жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар 2 көше орташа жөндеу бойынша ретке келтірілді.
Келесі жылы облыстық бюджет есебінен Киелітас елді мекеніндегі Байбұлақ көшесін орта жөндеуден өткізілмек. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасына 2 елді мекендегі 17 көшені орта жөндеуден өткізуге қаржы қарастырылуда. Аудандық бюджет есебінен елді мекендердің 20-дан астам ішкі көшелері орта жөндеуден өткізілетін болады.