ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында өзен суы арнасынан асып кетті (видео)

0
1 873

Жаңбыр салдарынан ағынмен ілесіп келген ағаштар көпірдің тіректеріне кептелісіп қалған.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында өзен суы арнасынан асып кетті (видео)

Түркістан облысы Төлеби ауданынының Майбұлақ ауылындағы "Нұр-ата" өзенінінің суы арнасынан асып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

5 мамыр күні Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылдық округі аумағындағы «Нұр-ата» өзенінің су деңгейі нөсер жаңбырдың салдарынан көтеріліп, аталған ауылдық округке қарасты Майбұлақ елді мекенінің орталық көшесінде орналасқан көпірді шаю қаупі төнген.

Шамадан тыс жауған жаңбыр әсерінен ағаштар көпірдің тіректеріне кептелісіп, жиналған су көпір бетіне асып-тасыған.

Осыған орай, аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің бастамасымен құрылған жұмыс тобы елді мекендегі жағдай барысымен танысып қайтты.
Қауіптің алдын-алу мақсатында Төтенше жағдайлар қызметі мен ауыл тұрғындары жұмыла бірлесіп, көпірді жедел тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Нұр-ата» өзенінің бойын тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылды. Қазіргі таңда елді мекенге төнген қауіп жоқ.