ТҮРКІСТАН: Төлебиде «Сырлы жеңге, Сұлу қыз» байқауы өтті

0
2 837

Төлеби ауданында жеңгерелер мен қайын сіңлілер арасында «Сырлы жеңге, Сұлу қыз» байқауы өтті. Онда 10 үміткер 4 кезең бойынша бақ сынап, өзара кім мықтыны анықтады.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде «Сырлы жеңге, Сұлу қыз»  байқауы өтті

Бүгін Түркістан облысы, Төлеби ауданында «Сырлы жеңге, Сұлу қыз» атты ауданаралық жеңге мен қайын сіңлі байқауы ұйымдастырылды,- деп хабарлайды ERNUR.KZ

Шараның мақсаты қазақ келіндері мен қазақ қыздарына тән ежелден келе жатқан әдептілік пен әдемілікті көрсету, жастарға үлгі өнеге ету, ел арасында үлгі боларлық ақылды да ибалы, өнерлі де ізетті келіндер мен қыздарды елге таныстыру, озық іс-әрекеттерін кеңінен насихаттау болып табылады.

«Сырлы жеңге, Сұлу қыз» атты байқауына ауданнан 10 адам қатысты. Қатысушылар жалпы төрт кезең бойынша өз бақтарын сынады. Онда үміткерлер өзін-өзі таныстыру, сұрақ-жауап, қазақтың салт-дәстүрлерінен сахналық көріністерін көрсету бойынша бақ сынады.

Байқауда бас жүлдені Төлебаева Ақерке жеңгей және оның қайын сіңлісі Мансұр Гүлсая жеңіп алды.

1 - орын Таңсықбаева Айнур (жеңге) Мейрам Аружан (қайын сіңлісі)

2 - орын Утебекова Жадыра (жеңге) Мыңбай Сабира (қайын сіңлісі)

3 - орын Татыбаева Асмира (жеңге) Қансейіт Ақтолқын (қайын сіңлісі) қанжығасына байлады.