ТҮРКІСТАН: Төлебидегі ауруханада аса күрделі ота жасалды

0
588

Науқастың мәртебесі сақтандырылғандықтан, қымбат тұратын жоғары технологиялық отаны тегін жасатып шықты.


ТҮРКІСТАН: Төлебидегі ауруханада аса күрделі ота жасалды

Төлеби аудандық орталық ауруханасында аса күрделі ота түрі жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби аудандық ауруханасында МӘМС пакеті шеңберінде жоғары технологиялық қызмет түрінің аса күрделі травматологиялық және ортопедиялық ота түрі жасалды. 1961 жылғы науқас сүйек бөліктерінің ығысуымен оң жақ сан сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық қиғаш ұсақталған сынығы (закрытый косой оскольчатый перелом средней трети правой бедренной кости со смещением костных отломков) диагнозымен түсті.


Науқасқа жедел түрде оң жақ сан сүйегінің сүйек фрагменттерінің ашық репозициясы бұғаттауыш сүйек тақтасы бар металл остеосинтезі бойынша күрделі ота жасалу керек болды.


Аурухананың білікті травматолог дәрігері Салах Асланов науқасқа күрделі отаны сәтті жасап шықты. Науқастың отадан кейінгі жағдайы бір қалыпты. Өзін жақсы сезінеді.


Бұл күрделі ота МӘМС есебінен жасалды. Яғни науқастың табысынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарна төленіп отырған. Науқастың мәртебесі сақтандырылғандықтан, қымбат тұратын жоғары технологиялық отаны тегін жасатып шықты.