ТҮРКІСТАН: Төлебилік жастарға арналған жобалар іске асырылып жатыр

0
929

Жастарды қолдау мақсатында алынған кәсіпкерлік бағдарламалар арқылы жастар гранттарға қол жеткізуде.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік жастарға арналған жобалар іске асырылып жатыр

Төлеби ауданында кәсіпкерлікке көңіл бөлініп, шағын және орта бизнесті қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауданымызда шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің саны 8599-ға жетіп отыр. Жыл басында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде жұмыс істеп жүргендерінің үлесі 108,0 пайызға ұлғайған.
Қазіргі уақытта, мемлекет тарапынан жастарға үлкен мән қойылып, жұмыссыз жүрген жастарға арналған жобалар іске асуда.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Омар Жаңқаловтың мәліметінше, биыл ауданда жастарды қолдау мақсатында «Бастау-Бизнес» жобасымен 257 адам, «Жас кәсіпкер» бағдарламасымен 120 адам оқытылған. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 37 адам жалпы 15 402 000 теңге, «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 108 адам жалпы соммасы 54 540 000 теңге көлемінде грантқа қол жеткізіп, өз кәсібімен айналысуда.

Алдағы уақытта да осы бағдарламалар шеңберінде оқыту жалғасатын болады.