ТҮРКІСТАН: Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығулар өтті

0
2 823

Арнайы-тактикалық оқу-жаттығулардың мақсаты - Түркістан қаласының жедел ден қою жасақтарының кез - келген уақытта дайын болуы.


ТҮРКІСТАН: Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығулар өтті

Түркістан облысында қысқы-көктемгі кезеңдердегі су тасқынына дайындық мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу жаттығу өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаттығу барысында техникалардың, су сору құрылғылардың (мотопомпа) және жеке құрамның дайындығы, шартты су басу салдарын жою жұмыстары ұйымдастырылып, іс жүзінде көрсетілді.

Оқу-жаттығу кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қалалық азаматтық қорғау қызметтері мен авариялық-құтқару қызметі қатарынан 12 команда, 154 жеке құрамы және 31 техникасы құрылды.

Арнайы-тактикалық оқу-жаттығулардың мақсаты - Түркістан қаласының жедел ден қою жасақтарының кез - келген уақытта дайын болуы, төтенше жағдайлар кезінде адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқаруға тәсілдерін дағдылау болып табылады.