ТҮРКІСТАН: ​Түлкібас ауданында суармалы жерлердің көлемі ұлғайып келеді​

0
1 527

Каналдың жалпы ұзындығы 4,5 шақырым.


ТҮРКІСТАН: ​Түлкібас ауданында суармалы жерлердің көлемі ұлғайып келеді​

Түлкібас ауданында мемлекет тарапынан және демеушілір есебінен суармалы жерлерді ұлғайту мақсатындағы жұмыстар қарқынды іске асуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы орайда, Түлкібас ауданына қарасты Арыс ауылдық округіндегі «Жаңа» каналы іске қосылып, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі.

Каналдың жалпы ұзындығы 4,5 шақырым. Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аталмыш каналдың 1,5 шақырымы «Казсушар» РМК Түркістан облысы филиалы арқылы жөндеуден өтсе, 3 шақырымына демеушілер есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда жөндеуден өткен «Жаңа» каналы арқылы Арыс ауылдық округінің 70 гектар ауылшаруашылығы бағытындағы жерлері ағынды сумен қамтамасыз етіліп отыр. Сондай ақ, осы бағытта демеушілер есебінен аудан аумағындағы 41 шақырымнан астам каналдар жөндеуден өтіп, ауыл тұрғындарын ағынды сумен қамтуда.

Ауданда суармалы жерлердің көлемін 1115 гектар ұлғайту мақсатында жобалық сметалық құжаттар дайындалып, республикалық бюджет есебінен ұзындығы-15,3 шақырым (нысан өтпелі 2020ж толығымен аяқталады), облыстық бюджет қаржысы есебінен ұзындығы 13,6 шақырым су нысандарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 90 пайызы іске асты.